Қазақстан • 15 Наурыз, 2019

Алматы  мектептерінде ата-аналарға арналған бөлмелер ашылды

1024 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қала мектептерінің әкімшілік аумақтарын оңтайландыру нәтижесінде қолға алынған  шара аясында қала мектептерінде арнайы бөлмелер ашылды.

Алматы  мектептерінде ата-аналарға арналған бөлмелер ашылды

Қала мектептерінің әкімшілік аумақтарын оңтайландыру нәтижесінде қолға алынған  шара аясында қала мектептерінде арнайы бөлмелер ашылды.

«Алматы – адалдық алаңы» жоба кеңсесі Білім басқармасы және Мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп, қаладағы 204 мектептің 34-інің әкімшілік аумақтарын, оның ішінде мектеп директорларының кабинеттерін оңтайландырды.

Босаған аудандар мектептің қажеттілігіне және оқу-тәрбие процесінің сапасының артуы үшін қолдануға берілді» деп хабарлайды қаланың Баспсөз қызметінен.

Барлық мектептерде «Ата-аналар қонақ бөлмесі» жобасын іске асыру мүмкін болды. Оның аясында босаған кабинеттерде жұмыс техникалары сабақтары, психологтар кәмелет жасына толмағандар ісі бойынша инспекторлар жұмыс жасайтын психологиялық демалу орындары ұйымдастырылған. Сонымен қатар, мектеп әкімшілімен ата-аналармен кездесу жүргізіледі.

Әрбір мектептің ата-аналар қауымы бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді шешу, «қиын» жасөспірімдермен әңгімелесу және тәрбие ісін жақсарту бойынша ұсыныстарды қарау үшін өздерінің жеке кеңістігі болуы қажет. 

«Алматы –Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Братенков Александрдың айтуынша, «Отбасы және мектеп» - өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қажетті екі айырылмас элемент. Сондықтан, заманауи білім беру процесінде «ұстаз-ата-ана-бала-мектеп психологы» арасындағы тығыз байланысты сақтау аса маңызды».

Осыған орай, қаладағы мектептердің бірі (№10 ОМ) 3-Айнабұлақ шағын ауданында орналасқан мектепте қоғам өкілдерінің қатысуымен аталған жобаның таныстырылымы өтті.

Мектеп директоры Жанар Абитованың айтуынша, «Ата-аналар қонақ бөлмесі» жобасының ашылуы «Алматы – адалдық алаңы» сыбалас жемқорлыққа қарсы жобасының ықпал етуімен жүзеге асуда. Ата-аналар қауымымен жұмыстың «Ата-аналар қонақ бөлмесі» атты жаңа форматын бастау алды.

Жаз кезеңінде кейбір мектептерде ремонт жүргізу барысында бейнебақылау, терезе есіктері бар сынып бөлмелері ашылып, ата-аналар өз балаларының тәрбие ісі бойынша бақылай алатын болады.

 

Эльвира Серікқызы,

«Еgemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ